Үкіметте алдағы үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Қаржы министрі Мәди Такиев еліміздің бас қаржы құжатының негізгі параметрлері туралы баяндады. Шенеуніктің айтуынша, 2026 жылы бюджет шығынының 38,7%-ы немесе 10,7 трлн теңгесі дәстүрлі түрде әлеуметтік салаға бағытталады. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өседі, бұл инфляцияға сәйкес келеді.

"Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 288 мың адамға артады. Стипендия өседі, ал бюджет есебінен оқитын студенттер саны 19 392 адамға артады. МӘМС жарналары 2026 жылы орташа жалақы негізінде есептеледі", — деді министр Үкімет отырысында.

Премьер-министр еліміздің жаңа бюджет жобасы үш жылдық кезеңге әлеуметтік бағдарланғанын айтты.

"Президент тапсырмасына сәйкес бюджет әлеуметтік мәселелерге бағдарланған болып қалады. Сонымен қатар, экономиканың өсуін ынталандыруға бағытталған шығындар да ұлғайтылады", - деді Олжас Бектенов.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget