Сапар 30 тамыз – 3 қыркүйекке жоспарланған .

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

"31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" жиынына қатысады. 2 қыркүйекте мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. 3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Тоқаев 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауын жариялайды