Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл – алдын ала мәлімет екенін, оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында белгілі болатынын хабарлады .
Алматы халықаралық әуежайында өзін өртемек болған ер адамның бұл қадамына азаматтық жұбайымен арадағы жанжал себеп болғаны анықталды.
Еске сала кетейік, 25 тамызда әуежайда ер адам касса жанында өзіне от қоймақ болған. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға әуежайдың жұмысына еш әсер етпеген. Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен азамат №4 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.