Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде тарап жүрген мигранттар жөніндегі және "балалар ұрланып жатқаны" туралы ескерту жалған ақпарат екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған хабарламада тұрғындарға есікті үнемі кілттеп жүру керек екені айтылған.
"Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөзге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз. Күдік тудыратын жағдайда 102 нөмірі арқылы полицияға жүгініңіздер", — деді ІІМ өкілі.
ІІМ өкілдері көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз