Автобустар "Кеген" бақылау-өткізу пункті арқылы өтеді.

Қыркүйектен бастап "Кеген" бақылау-өткізу пункті арқылы халықаралық маңызы бар Алматы – Қаракөл автобус бағыты ашылады. Бұл туралы Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы хабарлады.

Бұл шешім екі елдің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың келісімдерінің нәтижесінде қабылданған.

Еске салайық, мұндай бағыт Кеңес Одағы кезінде болғанымен, тәуелсіздік алғаннан кейін түрлі себептерге байланысты тоқтаған болатын. Енді бұл бағыт жыл бойы тұрақты түрде жұмыс істейді.

Еске салайық, өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барып, келіссөздер жүргізген болатын.


Оқи отырыңыз:

  • Тоқаев Қырғызстанда "Ата бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешенін зиярат етті
  • Қырғызстанда бүкіл ел азаматтарына арналған Ар-намыс кодексі қабылданады