27–28 тамызда бірқатар аудандарда су шектеулері енгізіледі.
Алматыда су құбыры желілерін және су нысандарын қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы "Алматы Су" хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 тамыз сағат 09:00–ден 17:00–ге дейін жаңа су құбырын желіге қосу жұмыстары барысында суық судың берілуі уақытша тоқтатылады. Шектеу келесі көше шеңберінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға қатысты: Тимирязев көшесі — Сыпатаев көшесі — Әуезов көшесі — Абай даңғылы, "Атакент" ҚІЫО аумағы. Жұмыстар жүргізілген кезеңде Әуезов көшесі бойында су қысымының төмендеуі күтіледі.
Ал 28 тамызда сағат 09:00–ден 20:00–ге дейін жаңа сүзгі станциясын салу аясында технологиялық жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде уақытша су беру: "Ақжар" шағын ауданы, "Тастыбұлақ", "Таужолы" шағын аудандарында тоқтатылады.
Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап Алматы мен Қырғызстанның Қаракөлі арасында автобус қатынайды
"Келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және техникалық жұмыстарды жүргізу қажеттігіне байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды өтінеміз", – делінген хабарламада.