Команда Шеффилд қаласындағы халықаралық жиынға қатысып , бір аптадан соң Ливерпульге жол жүреді.

World Boxing ұйымдастыратын әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында Ливерпуль қаласында өтеді. Қазақстан сапынан бұл жарысқа 20 спортшы — ерлер және әйелдер құрамасынан 10 боксшыдан қатысады. Тартысты бәсекеде 60-тан астам елдің былғары қолғап шеберлері, оның ішінде Өзбекстан, Куба, Ұлыбритания, Үндістан секілді мықты құрамалар да бақ сынайды.

Айта кетейік, қазақ боксшылары Торехан Сабырхан мен Абылайхан Жүсіпов 2025 жылғы әлем чемпионаты алдында (Ливерпуль) спарринг өткізді.

Астанада өткен World Boxing кубогында күтпеген жерден жеңілгеннен кейін Абылайхан Жүсіпов сынға ұшырады. Ол 70 келіге дейінгі салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірі болғанымен, жанкүйерлер 2025 жылғы әлем чемпионатына жас боксшы Төрехан Сабырханды жіберуді талап етті. Нәтижесінде Жүсіпов Ливерпульде өтетін әлем біріншілігінің соңғы құрамына кірмей, оның орнына Сабырхан жолдама алды.