24 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, оның қорытындыcы бойынша Ысқақ Ернат Сембекұлы Кеген ауылдық округінің әкімі лауазымына сайланды. Бұл туралы аудан әкімдігінен хабарлады.

Ернат Сембекұлы- 1982 жылы 29 Алматы облысы, Кеген ауданы, Тұйық ауылы дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын – 2019 жылы «Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған.

Әртүрлі жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының аудармашысы және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі менеджері, «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Музей меңгерушісі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы директорының орынбасары, «Алматы қаласы мұражайлар бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік казыналық кәсіпорнының Музей меңгерушісі қызметін атқарды.

2024 жылы «Алматы қаласы Мәдениет басқарамсы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Алатау дәстүрлі өнер театры» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының даму мәселелері жөніндегі орынбасары болды. Кейін туған жеріне қоныс аударып, 2024 жылдың 5 сәуіріне бастап осы уақытқа дейін Кеген аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келді.

Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Қазақстанда ауыл әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізілген болатын. Бұл өзгеріс мемлекеттік басқаруды орталықтан өңірлерге ысыру жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланды. Содан бері ел бойынша екі жарым мыңнан астам ауыл әкімі тұрғындардың тікелей дауыс беруі арқылы сайланды.