Аскат Алагозов ауа райы құтқару жұмыстарына кедергі келтіргенін хабарлады.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат Алагозов "Жеңіс" шыңында қалып қойған ресейлік альпинист Наталья Наговицина туралы пост жазып, дрон суреттері мен видеоларын жариялады.
"Альпинистің жарақат алып, тік жартастан түсе алмай қалғаны туралы хабар түскен сәттен бастап тиісті мемлекеттік қызметтер оны эвакуациялау үшін барлық мүмкіндікті қарастырды. Соның ішінде альпинисті іздеу және жағдайын бағалау мақсатында ұшқышсыз әскери ұшақтар да қолданылды. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі, сондай-ақ халықаралық құтқарушылар мен альпинистер оны құтқару жұмыстарына кірісті. Оқиға орнына әскери тікұшақ та жіберілген. Алайда ауа райының нашарлауына байланысты ол да апатқа ұшырады", – деп жазды ол.
Қырғыз президенті баспасөз хатшысының жазуынша, құтқарушылардың барлық күш-жігеріне қарамастан, альпинисті экстремалды биіктіктен эвакуациялау мүмкін болмаған.
"Нашар ауа райының кедергісінен Наталья Наговицинаның қасына жету қиынға соғуда", – деп түйіндеді ол.
Еске салайық, бұған дейін Наталья Наговицинаны құтқару жұмыстары тоқтатылғаны хабарланған болатын. Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі оны "із-түссіз жоғалғандар" қатарына жатқызды.
Оқи отырыңыз:
В Кыргызстане прекратили операцию по спасению российской альпинистки Наговициной