Қазақстанда авиациялық қауіпсіздік талаптары күшейтілді .

Ел әуежайларында тексеру кезінде тәркіленген, тасымалдауға тыйым салынған заттар сақталмайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, өзгеріс халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жолаушыларға қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін енгізіліп отыр.

Ережеге сәйкес, қол жүгінде 100 миллилитрден асатын сұйықтықтар, аэрозольдер мен гельдер, сонымен қатар қауіпті заттарды алып өтуге болмайды. Зауыттық қаптамасы жоқ бал, тосап, сүт өнімдері және үй тағамдары да ұшаққа кіргізілмейді. Мұндай өнімдер тәркіленіп, жойылады.

Көлік министрлігі жолаушыларға қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін заттарды өздерін шығарып салуға келген адамдарға тапсыруға болатынын еске салды.

Жолаушылар үшін тыйым салынған заттардың толық тізімі әуежайлардың ресми сайттарында, тіркеу сөрелерінде және тексеру бекеттерінде қолжетімді.


Оқи отырыңыз: Шымкент әуежайында капсулалы қонақүй ашылды. Капсуланы жалдау құны қанша