Бағдарламаға қатысу үшін бордақыланған малдың кемінде 50%-ін отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу керек
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Мал бордақылау алаңдарын жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша 23,3 млрд теңгеге 45 өтінім берілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Оның ішінде 22,3 млрд теңге болатын 42 өтінім ірі қара малды, ал 950 млн теңгеге 3 өтінім ұсақ малды бордақылау бағытында түсті.
«Ең белсенділік танытып отырған өңірлер – Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе облыстары», — деп жазылған хабарламада.
Несиелеудің негізгі шарттары:
қарыз мерзімі – 12 айға дейін,
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.
Кредитті негізгі қызметі ірі қара немесе ұсақ мал бордақылайтын және қажетті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар ала алады.
Бағдарламаға қатысу үшін бордақыланған малдың кемінде 50%-ін отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу керек.
Өтінім беру немесе кеңес алу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі аймақтық филиалына жүгіну қажет.
Айта кетері, бағдарлама биыл тамыздың басында басталған болатын. Жалпы қаржыландыру көлемі – 50 млрд теңге. Негізгі мақсат – айналым қаражатын толықтыруға қолжетімді кредит беру арқылы ірі қара мен ұсақ малды бордақылаумен айналысатын кәсіпорындарды қолдау.