Өнер иелері аталған талапты 1 ай ішінде орындауы тиіс.
Бұйрықты орындамаған әншілер сахнадан шеттетіледі. Аталған талап мәдениет саласындағы барлық қызметкерге қатысты.
Өнер адамдарына 27 қыркүйек күні болатын Тәуелсіздік күніне дейін артық салмақтан арылуға бұйрық берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Азаттық агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік мәліметіне сүйенсек, арықтап үлгермеген әртістер сахнадан шеттетіледі. Еңбек сіңірген және халық әртісі атағына бар өнер иелеріне де ешқандай жеңілдік жасалмаған. Оларға да артық салмақтан арылу бұйырылған, әйтпесе сахнаға да, теледидарға да шыға алмайды.