Әлемге танымал бұл көкөніс шайқасы жыл сайын тамыздың соңғы сәрсенбісінде өткізіледі.

27 тамыз күні Валенсиядан шамамен 40 км қашықтықтағы шағын Буньоль қаласында Испанияның ең танымал мейрамдарының бірі – "Томатина" өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

El Pais басылымы жазғандай, фестивальге қатысқан мыңдаған адам бір-бірін 120 тонна қызанақпен атқылаған.

"Дәстүр бойынша фестиваль ең епті қатысушылар майға малынған бағанаға өрмелеп, жүлде ретінде хамонды алуға тырысатын жарыстан басталды. Түске қарай орталық алаңға бірнеше жүк көлігі қызанақ әкелді", – делінген ақпаратта.