24kz

Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды .

Атап айтқанда, Тяньцзинь декларациясы қабылданып, 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді. Сондай-ақ Лаос диалог серіктесі атанып, ал Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына – ТМД жанындағы байқаушы мәртебесі берілді. Бұдан бөлек Шолпан Ата 2025–2026 жылдары ұйымның туристік және мәдени астанасы болып жарияланды. Жалпы жиында қауіпсіздік, экономика, ғылым және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтатын 20-ға жуық құжатқа қол қойылды.