Қытайда "ШЫҰ плюс" саммиті өтті.
Бірлескен күш-жігер жұмылдыру арқылы қарулы қақтығыстардың ушығуына жол бермеу қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "ШЫҰ плюс" саммитінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Жақында біз қос тарихи датаны – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеміз. Қытай коммунистік партиясының жетекшілігімен ұлы қытай халқының жапон басқыншылығына қарсы соғыста жеткен жеңісіне Қазақстанда шынайы құрметпен қарайды. Квантун армиясын талқандау Екінші дүниежүзілік соғыстың нүктесін қойды деуге болады. Оған Ялта конференциясының шешіміне сәйкес Кеңес Одағының әскері де қатысты. Қан майданда миллиондаған адам құрбан болды. Сондықтан аталған мерейтой Жеңістің идеологиялық, саяси аспектілеріне әлемдік қоғамдастықтың, әсіресе, жастардың назарын аударуға орайлы сәт, – деді Мемлекет басшысы.