Бөлімдер
Жаңалықтар

Тоқаевтың Қытайдағы сапары ертең Бейжіңде жалғасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының сапары ертең Бейжіңде жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді.

Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне қатысады.