Самокат мінген екі жасөспірімге әкімшілік шара қолданылды

Алматыда самокатпен жүрген екі жасөспірім сәби арбасын қағып кетті. Алматы қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.

Олар қатты жылдамдықпен жүріп тоқтай алмай, сәби жатқан арбаны қағып, аударып жіберген. Сәби жарақат алған жоқ. Алайда ата-анасы оқиғадан қатты шошып, полиция шақырған.

"Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы екі жасөспірімді анықтады. Оларға жеке мобильді құрылғыларды пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Ал олардың ата-аналарына балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолданылды", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органы жасөспірімдерге ескерту жасап, кейін босатқан.


Оқи отырыңыз: Астанада заңсыз такси жүргізген шетел азаматы ұсталды