Францияның Кан-ан-Руссийон қаласында өткен беделді халықаралық турнирде ел намысын қорғаған жүзуші Әділбек Мусин екі қашықтықта жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, отандасымыз жарыстың алғашқы күні 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде мәреге екінші жеткен.

Ол 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуден де финалға өтіп, осы бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, Әділбек Мусин халықаралық турнирдің қос күмісін қанжығалады.

Айта кетейік, бұған дейін Әділбек Мусин ел чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстанның жаңа рекордын орнатқан болатын.