Танымал блогер, коус Қалдықыз Жаппарқызы не себепті төрт ай бойы желіге шықпағанын түсіндірді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол оқырмандарына өміріндегі ең қиын кезең туралы айтып берді.
«Соңғы 4 айда көп нәрсе болды… Өзім де ойландым: неге үнсіз қалдым, қайда жоғалдым?
Ауырдым. Денсаулығым сыр берді. 45 млн Қарызға қалай кірдім, қалай құтылдым, кейде қалай шығам деп басым қатты. Отбасымда да үлкен сынақтар болды. Түрмеден қалай аман қалдым…
Ал ең ауыры – наркоман күйеуің болса, не істейсің? Көп әйел үндемей жүре береді, біреулер шыдайды, біреулер кетеді… Менің басымнан да осы өтті.
Бұл жай ғана өмірімнің бір кезеңі емес – мен үшін сабақ болды.Бұл менің өмірім болды! Бәрін ашық айтамын сіздерге! Жақында подкастта бәрін ашық айтып беремін. Ешқандай фильтрсіз», — деп жазды ол.