Жобаны жүзеге асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланған
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан мен Қытай бірлесіп Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр стансасын салады, деп хабарлады энергетика министрлігі.
Құрылысына Қытайдың China Energy Engineering Group компаниясы қатысатын жаңа күн электр станциясы Түркістан облысының Сауран ауданында орналасады. Жобаның инвестиция көлемі шамамен 320 миллион АҚШ долларын құрайды.
Жобаны жүзеге асыру 2025-2026 жылдарға жоспарланған.
Бұл жоба оңтүстік өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, «жасыл» генерацияны дамытуға бағытталған.
«Бүгінгі келісім – Қытаймен «жасыл» энергетика саласындағы стратегиялық әріптестікті тереңдетудің белгісі және бірлескен жұмыстың нақты нәтижесі. Бұл жоба еліміздің энергетикалық жүйесін нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді әрі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жолындағы маңызды қадам болады», – деді энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов.
Ведомство хабарлауынша, жаңа күн электр станциясының құрылысы еліміздің энергетикалық балансын әртараптандыруға және жаңартылатын энергия көздері үлесін арттыру жөніндегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге айтарлықтай үлес қосады.