Сириялықтардың еліне қайтуына Ливан билігінің заңсыз жүрген босқындарды жазадан босату шешімі түрткі болған.
БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының деректеріне сәйкес, 2024 жылғы желтоқсанда Сирияда Башар Асадтың билігі құлағаннан бері көрші елдерден шамамен 850 мың босқын үйлеріне оралған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдағы апталарда бұл көрсеткіш 1 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлады комиссардың орынбасары Келли Клементс.
Оның айтуынша, уақытша орталық үкімет ел аумағының басым бөлігін бақылауына алғаннан кейін ел ішінде қоныс аударған 1,7 млн сириялық та қауымдастықтарына қайта оралған.
2011 жылы басталған соғыстан бері жарты миллион адам қаза тауып, 23 млн тұрғыны бар ел халқының жартысы қоныс аударуға мәжбүр болды.
Сириялықтардың еліне қайтуына Ливан билігінің заңсыз жүрген босқындарды жазадан босату шешімі түрткі болған. Соған қарамастан, елдің әр өңірінде жаңа зорлық-зомбылық ошақтары пайда болып, кей аймақтарда ондаған мың адам тағы да үйлерін тастап кетуге мәжбүр.