Бүгін – тазы мен төбет күні. Былтыр дәл осы күні Халықаралық кинология одағы тазыны ресми түрде қазақстандық тұқым ретінде мойындады.

Ал тақауда Финляндияда өткен дүниежүзілік көрмеде құмайы тазы әлемнің түкпір-түкпірінен жеткізілген 25 мың иттің арасынан суырылып шығып, топ жарды. Әлемдік додада 8 тазы 7 басты жүлдені жеңіп алды. Осылай ұлтымыздың жеті қазынасының бірі құмай тазы өзін әлемге тағы дәлелдеді. Айта кеткен жөн, қара жерде қоян алған, шашақ құлақты ерекше тұқымға шетелдіктердің де қызығушылығы зор.

Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті:

- Мен қазақтың тазы тұқымын тарихқа енгізгім келеді. Бұл итті өзінің ұлттық мақтанышы ретінде танитын жандарға алғысымды білдіремін. Көрмеде түрлі иттерді мұқият бақыладық. Соның ішінде тазының сұлулығы, мінезі, адамдармен ерекше байланысы мені тәнті етті.