Ер Төстік – қазақ, қырғыз, татар халықтарына ортақ эпос кейіпкері.
Қырғызстан депутаттары Ер Төстік туралы анимациялық фильм түсіру процесін жеделдетуді талап етті. Қырғыз депутаты Динара Ашимованың айтуынша, 2023-2024 жылы елдің кинематография департаментінің сарапшылар кеңесі мақұлдаған мультфильмді түсіруге 5 миллион доллар қарастырылған. Алайда, әлі ақша бөлінбеген және кино түсіру жұмыстары басталмаған.
"Сценарий бекітіліп, Қаржы министрлігі бюджетті айқындады. Алайда, мемлекеттік тапсырыс жариялану қажеттігіне байланысты ақша бөлінбей отыр. Бұл режиссёрлер мультфильмді түсіруді бастауына қолбайлау", – деді Динара Ашимова.
Айта кетейік, Ер Төстік – тек қырғыз ғана емес, сонымен бірге қазақ және татар халықтарына ортақ эпос кейіпкері.
Қазақстанда Azia Animation студиясы түсірген "Ер Төстік" толықметражды мультфильмі бар. Ол YouTube желісіне 2016 жылы жүктелген. Сондай-ақ, Қазақфильм киностудиясы 2012 жылы түсірген "Ер Төстік және айдаһар" толықметражды фильмін де тамашалауға болады.
Оқи отырыңыз: Театртанушы Мәншүк Тәшімова: Балалар әдебиетіне бойлай алатын драматургтер аз