Жаңа жарлық жарияланды.
Талибан жетекшісі Хибатулла Ахунзада үйлену тойларынд ысырапқа әкелуі мүмкін дәстүрлерге тыйым салатын жарлық шығарды. Ол мұндай дәстүрлерді "исламға қайшы" әрі отбасыларға қаржы ауыртпалығын түсіреді деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Талибанның Әділет министрлігі бұл жарлықты ресми газетте жариялады. Құжатта бірнеше дәстүрге тыйым салынған: той жасауға шамадан көп шығындану, "тойяна" (қалыңдық үшін төленетін дәстүрлі ақы) беру, үйлену тойының алдындағы және кейінгі кештер, қымбат дастархандар, "ширини хори" және күйеу жігіт пен қалыңдыққа тым қымбат сыйлықтар беру.
Құжатта той жасауға қатысты төменгі сома шегі 10 дирхам деп көрсетілген, ал жоғарғы шек белгіленбеген.
Негізгі шектеулер:
- Құда түсу салтанаты "пайвази" (құдалықтан немесе үйлену тойынан кейінгі күнгі банкет) мен "ширини хори" өткізусіз өтуі тиіс.
- "Дастмаль хори" (орамал тарту рәсімі) кезінде сыйлықтар тек күйеу жігіт пен қалыңдық арасында ғана алмасуы керек. Мұндай іс-шараларды қонақ үйлерде өткізуге тыйым салынады.
- Қалыңдық құда түскеннен кейін жылына бір рет қана жаңа киім ала алады және ол күйеу жігітке киім сыйлай алмайды.
- Үйлену тойы күйеу жігіттің қалтасына қарай өткізілуі тиіс.
- Мемлекеттік көліктерді үйлену тойларында пайдалануға тыйым салынған.
- Күйеу жігіт той кезінде қалыңдықтың үйіне тамақ жібермеуі керек, ал қалыңдықтың отбасы тәтті таратулар үшін ақы талап етуге құқылы емес.
- Қалыңдықты тапсыру кезінде оның отбасы ақша талап ете алмайды.
- Автокөлік немесе қымбат сыйлықтар ойнатылатын лотереялар, мейрам кезіндегі қару ату, қауіпті көлік жүргізуге тыйым салынған.
Бұдан басқа той соңындағы сыйлық алмасу дәстүрі "ронумаи" рұқсат етілмейді.