Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, белгілі банкир Жомарт Ертаев жазасын өтеп, бостандыққа шықты.
Ертаев 2020 жылдың қарашасында RBK банкінен 144 млрд теңге жымқырғаны үшін 11 жылға сотталған. Ал 2021 жылдың наурызында қылмыстық топ құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін тағы 9 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Козачковтың дерегінше, оның тергеу изоляторында отырған уақыты 1 күнге – 1,5 күн ретінде есептеліп, рақымшылық қолданылған. Сондай-ақ ол кінәсін мойындап, тергеуге көмектескен және шығынды өтеуге күш салған.
Банкирдің босатылуына қатысты ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінен ресми түсініктеме күтілуде.