Қозғалыс аралығы шамамен 10 минут болады.
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен және Алатау ауданындағы Теректі шағынауданы тұрғындарының қатынас қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық мобильділік басқармасы жаңа тұрақты автобус бағытын ұйымдастырды", – делінген хабарламада.
№83 бағыт "№184 мектеп – №7 қалалық аурухана" бағыты бойынша бүгіннен бастап қатынайды. Бағытқа ұзындығы тоғыз метрлік газбен жүретін Yutong маркалы автобустар шығарылады. Күн сайын төрт автобус жолға шығып, қозғалыс аралығы шамамен 10 минут болады.
"Бағыт әзірге сынақ режимінде жұмыс істейді. Жолаушылар легі мен тұрғындар сұранысына байланысты қозғалыс сызбасына түзетулер енгізілуі мүмкін", – делінген хабарламада.