Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды. Бұған дейін ол үш жылға бас бостандығынан айырылған еді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астана соты Ерлан Қожағапановқа қатысты үкімді күшінде қалдырды. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады.

Қожағапановқа қатысты іс

Айта кетейік, 2024 жылғы наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын тергеу нәтижесінде бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстағаны белгілі болды.

2025 жылы бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың айтуынша, бұл іс бойынша келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден асады.

Биыл мамырда бұрынғы шенеунік үш жылға сотталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget