Елде емханаға тіркелу науқаны өтіп жатыр.
Азаматтар тікелей емханаға барып немесе eGov порталы арқылы тіркеле алады. Тұрғындарға 700-ге жуық медициналық орталық қызмет көрсетеді. Айта кеткен жөн, бір дәрігерге тіркелген науқастардың саны 1700-ден аспауы керек. Мамандар сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайға жақын амбулаторияны таңдауға кеңес береді. Емханаға тіркелуін eGov порталынан немесе iKomek 109 қолдау қызметі арқылы тексеуге болады.