Сарапшылардың пікірінше топ-клубтың жұлдызды ойыншылары да Алматыға келеді деп күтілуде. Себебі команданың басты мақсаты — 3 ұпай еншілеу.
Хаби Алонсоның командасына әлем футболы мойындаған жұлдыздары да, академияның жас дарындары да енген.
"Реалдың" Чемпиондар лигасы–2025/26 маусымына жасаған өтінімі
Қақпашылар:
Тибо Куртуа (33, Бельгия)
Андрей Лунин (26, Украина)
Фран Гонсалес (20, Испания) *
Хавьер Наварро (18, Испания) *
Қорғаушылар:
Дани Карвахаль (33, Испания)
Эдер Милитао (27, Бразилия)
Давид Алаба (33, Австрия)
Трент Александер-Арнольд (27, Англия)
Рауль Асенсио (22, Испания)
Альваро Каррерас (22, Испания)
Фран Гарсия (26, Испания)
Антонио Рюдигер (32, Германия)
Ферлан Менди (30, Франция)
Дин Хейсен (20, Испания)
Диего Агудо (18, Испания) *
Хесус Фортеа (18, Испания) *
Давид Хименес (21, Испания) *
Хоан Мартинес (18, Испания) *
Жартылай қорғаушылар:
Джуд Беллингем (22, Англия)
Эдуардо Камавинга (22, Франция)
Федерико Вальверде (27, Уругвай)
Орельен Чуамени (25, Франция)
Арда Гюлер (20, Түркия)
Дани Себальос (29, Испания)
Хорхе Сестеро (19, Испания) *
Поль Фортунь (20, Испания) *
Мануэль Анхель (21, Испания) *
Сесар Паласиос (20, Испания) *
Кристиан Переса (20, Испания) *
Уго де Льянос (20, Испания) *
Шабуылшылар:
Винисиус Жуниор (25, Бразилия)
Энрик (19, Бразилия)
Килиан Мбаппе (26, Франция)
Родриго (24, Бразилия)
Гонсало (21, Испания)
Браим Диас (26, Марокко)
Франко Мастантонюо (18, Аргентина)
Даниэль Янъес (18, Испания) *
Жұлдызша (*) қойылған футболшылар академиядан/жастар командасынан тіркелгенін білдіреді және формалды түрде Чемпиондар лигасындағы "B тізіміне" кіреді.
УЕФА регламенті бойынша клубтар негізгі "A тізіміне" 25 ойыншы қосады, ал "B тізіміне" жас футболшыларды (21 жасқа дейінгі, клубта кемінде 2 маусым ойнаған) шектеусіз тіркей алады.
Яғни жұлдызшамен белгіленгендер – негізінен "Кастилья" немесе жастар командасындағы жас ойыншылар. Қажет болса, оларды Чемпиондар лигасы матчтарында да алаңға шығаруға болады.