Ұлттық құрама бапкері тәжірибелі ойыншылармен қатар жас ойыншыларға да сенім артып отыр.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльсқа қарсы алдағы ойын алдындағы ойымен бөлісті.

– Ең алдымен, осы матчтарға дайындалғаны үшін ойыншыларға алғыс айтамын. Біз футболшыларымыз өнер көрсеткен барлық қалаларды аралап шықтық. Тактикалық-техникалық тұрғыдан қазір ең мықтыларын шақырдық. Олар толық шабытпен келді.

Өкінішке қарай, жарақатсыз болмай тұр. "Қайраттағы" тығыз ойын кестесіне байланысты Тапаловты жоғалттық. Ислам Чесноковта бұлшық етінде аздап жайсыздық бар.

– Тағыберген кеткен соң Қазақстан құрамасының капитаны кім болады?

– Біздің мәдениетімізде үлкенге құрмет көрсету деген түсінік бар. Сондықтан асығыс шешім қабылдамаймыз. Бүгін кешке бәріміз отырып, ақылдасамыз.

Қақпада кім ойнайды деген шешім бар ма?

– Біз медициналық тексерулерге сүйенеміз. "Оқжетпеске" қарсы матчта Темірлан Анарбеков Дамир Маратпен сәтсіз соқтығысып қалды. Қазір оның жағдайын қадағалап отырмыз. Дегенмен қақпашылар позициясы біз үшін мәселе емес. Темірланның моральдық жағдайы жоғары, оны ұлттық құрамада пайдалануымыз керек.

Толық дайын болғандарды алаңға шығарамыз. Уэльс ең әлсіз жерді, ең осал тұсты іздейді. Біз Қуаттың орнына Қараманды шақырдық. Өйткені ол бірнеше ойында жақсы диагональды пастар жасады. Оның құраманың атмосферасын сезінуіне мүмкіндік беруіміз керек.

Тәжірибелі ойыншылардан Серікжан Мужиков пен Рамазан Оразов бар. Қазір бабында тұрғандарды таңдауымыз қажет. Қасабулатта да прогресс байқалады. Болашақта ол тірек жартылай қорғаушы позициясын ұзақ жылдарға жаба алады деп ойлаймын.

Шайзада ма? Біз кез келген ойыншының дебютін қарастырамыз. Ол "Ордабасыда" шетелдік қақпашыны бәсекеде жеңіп шықты. Оның міндеті – осы микроциклде өзін көрсету.