Мамандар қылмыстың бұл түрімен күресу үшін компаниялардың АТ инфрақұрылымын күшейту қажеттігін айтады.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанда 14 мыңнан астам киберқылмыс тіркелген. Бұл 2023 жыл көрсеткішінен 22 пайызға артық. Ал киберқылмыстардан 6 миллиард теңге шамасында шығын келсе, оның тек 26 пайыз үлесі ғана қайтарылған.
Таяуда ведомствоаралық кеңесте киберқылмыстарға қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері талқыланды. Бұл орайда мамандар қылмыстың бұл түрімен күресу үшін компаниялардың АТ инфрақұрылымын күшейту қажеттігін айтады.
VK Cloud өкілі Станислав Погоржельскийдің айтуынша, "бұлтты технологиялар" киберқауіпсіздікті күшейтуде маңызды рөлге ие. Айталық, қазақстандық компаниялар белсенді жүріп жатқан цифрландыру аясында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды нысандары мен жеке мәліметтерін заңнамаға сәйкес және қауіпсіздіктің жаңа стандарттары бойынша серверде орналастыруға тура келеді. Ал бұл өз кезегінде киберқауіптерді күшейтеді.
"Өзіндік Мәліметтерді өңдеу орталығында қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету өте қиын, әрі қымбат. Ал "бұлттарда" мұндай қауіптер аз. Сервистердің қызметі көп шығынды талап етпейді, ал оны жаңартуға провайдер жауапты. Сондықтан компаниялар гибридті модельге көшуде. Яғни, жергілікті инфрақұрылыммен қатар, бұлтты сервистерді пайдаланады. Қазіргі таңда компаниялардың 60 пайызы осы модельге көшкен", – деді маман.
Қазақстанда бұлтты технологиялар қызметі арнайы заңнамалармен реттеледі. Мысалы, мемлекет провайдерлерге мәліметтерді Қазақстан аумағында сақтау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік бойынша сертификаттарға шешімдерді ғана пайдалану, кемі үш жылдық кепілді техникалық қолдау сынды нақты талаптар қояды.
Бұл киберқауіптерге қарсы иекмді әрі түрақты АТ инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді, деп атап өтті Станислав Погоржельский.
Айта кетейік, Қазақстанда жиі кездесетін киберқауіптердің қатарында DDoS шабуылдар, күмәнді трафик, recon, рұқсатсыз кіру, нөлдік күн шабуылы және басқалар бар.
Оқи отырыңыз:
Цифрлық егемендік: Мемлекеттік шекара неге киберқылмыс әлемімен күреске кедергі
Кибералаяқтардан қалай қорғануға болады? Полициядан – 10 кеңес