Биыл елордада тұрғындарға көмір сатуға арналған 17 қойма бар.
Олардың ішінде 14 сату орны жұмыс істеп тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған.
Бұл сату орындарында 8 көмір жеткізуші компания қызмет көрсетеді.
Олар мына мекенжайларда орналасқан:
- Герцен көшесі, 4/1
- Герцен көшесі, 6/2
- Көктал, 28/2
- Мақат, 40
- Жамбыл Жабаев көшесі, 76
- Ахмет Жұбанов көшесі, 35
- Дулатов көшесі, 182/1
- 85-көше (ЖЭО-3 ауданы)
- уч. 9А
- Герцен көшесі, 6Б.
Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:
- Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;
- Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;
- Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.
Еске сала кетейік, қалада "109" бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді.
Осы нөмір арқылы көмірдің қолжетімділігі, бағасы және сату орындары туралы қажетті ақпарат алуға болады.