Атырау облысы перинаталдық орталығына тыныс алуы бұзылған балаларды емдеуге арналған жаңа аппарат табыс етілді. Игі шара «Өмір сыйлайық» қайырымдылық жобасы аясында өңірдегі алпауыт мұнай компаниясының демеуімен жүзеге асты. Азот тотығымен терапия жүргізетін бұл аппарат АҚШ, Жапония, Еуропалық одақ елдеріндегі неонаталдық реанимацияларда кеңінен қолданылады. Енді бұл ғимарат осындай жабдығы бар Қазақстандағы 7 перинаталдық орталықтың бірі атанды. Жаңа аппарат жыл сайын кем дегенде 25 баланың өмірін сақтап қалуға көмектеседі, — дейді ақ халаттылар.

Қазбек Ермағамбетов, облыстық перинаталдық орталығы директоры:

Бұрын дәрі-дәрмек қолдану арқылы ұзақ мерзімді терапиямен балаға көмек көрсеттік. Қазіргі таңда осы құрылғыны қолдану арқылы халықаралық деңгейде өзіміздің денсаулық сақтау министрлігінің бекітілген хаттамасына сай емді қолданамыз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт