Қос команданың кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қолымыздағы ақпарат бойынша, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады", – деді Жарасбаев.
Вице-министр ойын билеті қанша тұратынын білмейтінін, "Қайрат" клубы бағаны сұранысқа сүйеніп белгілейтінін айтты. Айтуынша, билеттерді "Қайрат" клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан алуға болады.