Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бұл қызметке Аслан Сабыржанұлы тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол 1983 жылы Алматы қаласында туған, жоғары білімді. Әр жылдары мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарда еңбек еткен. Бұған дейін ТЖМ-нің "Селденқорғау Құрылыс" РМК директоры қызметін атқарды.
Айта кетейік, кеше ғана "Қазселденқорғау" мекемесін басқарған Ерболат Садырбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалған еді.