Әлемде цифрлық қауіп артты. Ресми дерекке жүгінсек дүниежүзінде күн сайын 2 мыңнан аса кибершабуыл жасалып, әр 39 секундта бір адам киберқылмыс құрбанына айналады.
Бұл қауіп тек ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелерге ғана емес, қарапайым азаматтарға да төнеді. Биыл ең жиі тіркелген киберқылмыс түрі — фишинг. Банк қызметкері немесе мекеме атынан жеке деректерді талап ету жағдайлары жиілеген. Келесі орындарда бопсалаушы вирус және жалған жұмыс ұсыныстары сынды алаяқтық түрлері бар. Бұл қылмыстардан келетін шығын әлем бойынша миллиардтаған долларды құрайды. 2025 жылы оның көлемі 10,29 трлн долларға жетеді деген болжам бар. Ал 2027 жылы ол 12 трлн доллардан асса, 2028 жылы 14 трлн долларға жуықтамақ.
Ең жиі тіркелген киберқылмыс түрлері
1) Фишинг, спуфинг
2) Іскерлік электронды пошта арқылы алдау
3) Бопсалаушы вирус
4) Жалған жұмыс ұсыныстары
5) Жалған инвестициялар
Кибершабуылдан келетін шығын көлемі
2025 — $10,29 трлн
2026 – $11,36 трлн
2027 — $12,43 трлн
2028 – $13,82 трлн
Дереккөз: SQ Magazine