Салдарынан 65 жастағы әйел қаза тауып, оның 9 жастағы немересі ауруханаға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға Әлия Молдағұлова даңғылында болған. Бұл жерде тек жер үсті өткелі бар, алайда әжесі мен немересі жолды белгіленбеген жерден өтпек болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Lada-21901" автокөлігінің жүргізушісі Жұбановтар көшесінен шығып, Әлия Молдағұлова даңғылымен келе жатқанда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Екеуі де ауруханаға жеткізілгенімен, зейнеткердің өмірін дәрігерлер құтқара алмады. Ал қыз қазір облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жабық бас-ми жарақатын алғанын хабарлады.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ал көлік арнайы автотұраққа қойылды.