Трамп бұл туралы БАҚ өкілдеріне жасаған мәлімдемесінде хабарлады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен жақын арада телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен мұны істеймін. Бізде өте жақсы диалог бар", – деді ол Ақ үйдегі журналистерге.
Трамптың сөзінше, бастапқыда ол Украинадағы дағдарысты шешу Путинмен жеке қарым-қатынасы арқасында жеңілірек болады деп ойлаған. Алайда іс жүзінде бұл процесс әлдеқайда күрделі болып шыққан.
Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Парижде "тілек білдірушілер коалициясының" кездесуі өтті. Жиын барысында еуропалық көшбасшылар Украина үшін қауіпсіздік кепілдіктерін талқылап, Трамппен телефон арқылы байланысқан.