Министрлік бұл ақпаратты растады.

30 қыркүйекте Алматының орталық стадионында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында “Қайрат” пен мадридтік “Реал” кездеседі. Еліміздің Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ойынды Астанаға көшіру туралы ұсыныстарға қарамастан, “Қайрат” – “Реал” матчы Алматыда өтетінін растаған еді. Осы орайда Орталық стадионда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алматыдағы Орталық стадион УЕФА талаптарына толық жауап береді: футбол алаңы, жарықтандыру жүйесі, киім ауыстыратын бөлмелер, командалар мен төрешілерге арналған аймақтар аттестациядан өтіп, халықаралық деңгейдегі матчтарды өткізуге мүмкіндік береді.

Бұрын кездескен кейбір кемшіліктер — сынған орындықтар мен ескірген әжетханалар аренаға біраз жылдар болғандықтан және кейбір көрермендердің ұқыпсыздығымен байланысты. Әр матчтан кейін тексеріс жүргізіліп, сынған креслолар ауыстырылады, себебі олардың едәуір бөлігі үнемі істен шығады, — деп мәлімдеді ҚР туризм және спорт министрлігі.

Бүгінде бұл мәселелер ерекше бақылауда. Креслоларды ауыстыру және қалпына келтіру, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын санитарлық тораптарға тек косметикалық жөндеу жасалса, қазір күрделі жөндеу басталды.

Алдағы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчы қарсаңында Орталық стадион толық дайын болады: абаттандыру жұмыстары аяқталып, тазалық пен қауіпсіздік шаралары күшейтілді, жоғары деңгейдегі ойындарды өткізуге қажетті барлық халықаралық нормалар қамтамасыз етілді, — делінген министрліктің хабарламасында.

Осылайша "Қайраттың" топ-клубқа қарсы өтетін матчқа дейін Алматының орталық стадионы толықтай дайын болады.