Дәл қазіргі кезде әлі де су себу жұмыстары жүріп жатыр.

Тұрмыстық қатты қалдық сақтайтын полигондағы өрт 3 қыркүйек күні тұтанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтөбе қаласы, Астана ауданының өнеркәсіптік аймағында тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт оқиғасы орын алды. Секундына 15-18 метр жылдамдықпен соққан қатты желдің әсерінен өртті сөндіру жұмыстары қосымша қиындық туындатқан.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, "Таза Әлем 12" ЖШС және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы жеке құрамнан 70-ке жуық адам және 30-дан аса техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің таралуына жол бермей, топырақпен көму жұмыстары жүргізілуде.

Зардап шеккендер жоқ.