Украина басшысы ресейлік әріптесінің ұсынысынан бас тартты.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысымен кездесу үшін Мәскеуде бармайды. Ол Владимир Путинді келіссөздерді әдейі созып отыр деп айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Америкалық әріптестеріміз бізге Путин мені Мәскеуге шақырғанын айтты. Менің ойымша, егер кездесу болғанын қаламасаң, мені Мәскеуге шақыру керек. Ресейдің кездесу туралы айтып отырғанының өзі жақсы. Мұндай кездесулерден кейін ересек көшбасшылар белгілі бір нәтижемен шығуы тиіс", – деді Зеленский.
Украина басшысы бұл кездесу қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресей мұны кейінге шегеру үшін қолынан келгенін бәрін істеп отыр. Киев Мәскеу тарапынан соғысты аяқтау үшін нақты бастамалар байқалмайтынын жеткізді.
Бұған дейін Ресей президенті "Зеленский дайын болса, Мәскеуге келсін" деп мәлімдеген болатын.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп жақын арада Путинмен сөйлесетінін айтқанын жазғанбыз.