АҚШ президенті Дональд Трамп 25 мамырға қараған түні Украинаға жасалған соққыдан кейін Ресей президенті Владимир Путинге қатысты өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Владимир Путинмен қарым-қатынасымыз әрдайым жақсы болды, бірақ оған бірдеңе болды. Ол есінен адасқан тәрізді. Көптеген адамды негізсіз өлтіріп жатыр, бұл жерде әңгіме тек сарбаздар туралы емес. Украина қалаларына зымырандар мен дрондарды ешқандай себепсіз жіберіп жатыр, – деді Трамп.
Ол сондай-ақ Путин Украина аумағының бір бөлігімен шектелмей, бүкіл елді бағындырып алғысы келетінін болжады.
Оқи отырыңыз:
- Трамп билікке келгеннен кейін 120 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыссыз қалды
- Трамп бір қоңыраумен соғысты тоқтатпақ
Ол Украинаны толықтай қаратып алғысы келетінін бұған дейін де айтқанмын, сол сөздерім шындыққа айналып жатқан сияқты. Егер бұл рас болса, бұл әрекет Ресейдің құлдырауына әкеледі.
Трамп Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленскийді де сынға алды. Ол Зеленскийдің айтқан сөздері мен мәлімдемелері Украина үшін қосымша қиындықтар туғызып жатқанын атап өтті.