Цифрлық технология өмірімізді жеңілдеткені рас. Қазір қолымыздағы телефонның көмегімен-ақ қызмет ақысын төлейміз, сауда жасаймыз, мемлекеттік қызметтерді аламыз. Қаржылық операцияларды жүргізу де қалыпты жағдайға айналды. Алайда, ақшасын айдаладағы біреуге аударып, сан соғып жатқандар да көбейіп келеді. 4 айда қызмет көрсету және маркетплейстегі сауда бойынша хабарламаларға қатысты 150 алаяқтық фактісі тіркелді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнен 35 пайыз артық.