АҚШ-тың Джорджия штатындағы Hyundai зауытында рейд өтіп, құзырлы органдар заңсыз жүрген 475 жұмысшыны ұстап әкетті, деп хабарлайды 24kz.
Салдарынан нысандағы электрокөлік баттареяларының өндірісі уақытша тоқтап қалды. Тексеріске Ішкі қауіпсіздік департаменті мен иммиграция қызметі жетекшілік етті. Ұсталғандардың дені Оңтүстік Корея азаматы. Арнайы агент Стивен Шранктың сөзінше, қамалғандардың барлығына АҚШ шекарасын заңсыз кесіп өту не елде заңсыз жұмыс істеу бойынша айып тағылған.
Естеріңізге сала кетейік, LG мен Hyundai-дың бірлескен жобасы Джорджия штаты тарихындағы ең ірі инвестициялық құрылым ретінде жыл соңында іске қосылуы тиіс еді. Ресми Сеул Вашингтоннан өз азаматтарының құқықтары толық сақталуын сұрады. Тергеу жүріп жатыр.