Алматы облысының Полиция департаменті Талғардағы атыс пен бала ұрлау ісіне қатысты тың мәлімет таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдікті көп ұзамай қолға түсіп, одан атыс қаруы тәркіленді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі полицияның арнайы жасағы кәмелет жасқа толмаған баланы құтқару операциясын сәтті жүргізгенін хабарлады. Құтқарылған қыз анасына тапсырылды. Дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп жатыр.

Алматы облысы Полиция департаменті қылмыс жасаған адамның уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Қазақстан Республикасының ІІМ оқиғаның толық мән-жайы бойынша тергеу әлі де жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Қазіргі кезде ер адамды өлтіру және баланы ұрлау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.