Жолдау сағат 11: 00-ге белгіленген.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

"Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Сондай-ақ, Жолдауды Мәжіліс пен Сенаттың ақпараттық ресурстарынан тамашалауға болады:


Оқи отырыңыз: Тоқаев 8 қыркүйек күні Қазақстан халқына жолдауын жариялайды