Жалалабат Өзбекстанмен шекарада орналасқан .

Қырғызстанда Жалалабат қаласының атауын Манас етіп өзгерту туралы заң жобасы қоғам талқысына ұсынылды.

"Заң жобасы ұлттық идеологияны күшейтуге, Жалалабат қаласына ұлы тарихи тұлға, халық қаһарманы, қырғыз халқын түрлі шапқыншылықтардан қорғаған Манастың есімін беруге бағытталған. Қала атауын өзгертуге қала тұрғындардың өтініші негіз болды", – делінген құжатта.

Дегенмен, бұл жоба екіжақты пікірлер туғызып жатыр. Заң жобаларын талқылауға арналған бірыңғай порталда жазылған пікірлердің басым бөлігі бұл бастамаға қарсылық танытқан.

Ал Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Феликс Кулов егер Жалалабат атауы Манас болып өзгерсе, келесі қадам ел астанасын көшіру болуы керектігі туралы пікірін айтты.

"Егер қала атауын ауыстыру туралы шешім қабылданса, онда логика бойынша елдің бас қаласы Бішкек емес, Маман болуы керек. Сәйкесінше, Астана оңтүстікке – Жалалабат облысына (Манасқа) көшірілуі тиіс. Қазір Ош Бішкектен кейінгі екінші қала деп аталады. Манас қаласы үшінші қала бола алмайды, ол тек бірінші болуы керек! Сондықтан Манас есімі барлық қалалардың басында тұрғаны дұрыс болады", – деп жазды ол.


Оқи отырыңыз:

  • Қырғызстанда 5 миллион долларға Ер Төстік туралы анимациялық фильм түсірілмек
  • Қырғызстанда бүкіл ел азаматтарына арналған Ар-намыс кодексі қабылданады