Тауарларды таңбалау мен қадағалауға арналған Tañba бірыңғай операторы жүйесінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанда темекі өндірісі мен импорты қысқарды, ал басқа темекі өнімдері бойынша өсім бар

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылдың басынан бері республикада 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қыздырылатын темекі өнімдері (стиктер) 69%-ға көп өндірілді және импортталды. Кальянға арналған темекі өндірісі мен импорты екі есе өсті – 766 мыңнан 1,7 миллион қаптамаға дейін.

Соңғы жылдары темекі көлемі азайып келеді – 2021-2023 жылдары елде барлығы 950 миллионнан 1 миллиардқа дейін қаптама өндіріліп, импортталды, ал 2024 жылы олардың саны 844 миллионға дейін азайды.