Қазақстанның барлық халықаралық және ішкі әуежайларында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды сақтау тәжірибесі алдағы уақытта тоқтатылады.
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді .
Мұндай шешім авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкестендіру, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету процесін оңтайландыру мақсатында қабылданған.
Енді жолаушылар тексеру бекеттерінен өткен кезде алып өтуге тыйым салынған заттарды сақтау камерасына өткізе алмайды. Оның орнына мұндай заттарды шығарып салушы азаматтарға қалдыру ұсынылады.
Тыйым салынған заттарға мыналар жатады:
-
Сыйымдылығы 100 мл-ден асатын сұйықтықтар, аэрозольдер және гельдер;
-
Қауіпті немесе жанғыш заттар;
-
Зауыттық қаптамасы жоқ өнімдер — мысалы, үй жағдайында дайындалған бал, джем, сүт және т.б.
Авиациялық қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін заттар тәркіленеді және оларды тасымалдауға рұқсат берілмейді.
Мамандар жолаушыларды ұшу алдында тиісті ережелермен танысып шығуға шақырады. Тасымалдауға тыйым салынған заттардың толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: