Қазақстан ұлттық құрамасы 5 ойында 3 ұпай ғана жинады.
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчында Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін айтты.
Бапкер жеңіліс үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын және президентке өтініш жазып, отставкаға кететінін жеткізді.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бес ойын өткізіп, небәрі үш ұпай жинады. Әли Әлиевтің командасы Бельгиядан (0:6), Уэльстен (1:3, 0:1) және Солтүстік Македониядан (0:1) ұтылып, тек Лихтенштейнді (2:0) жеңе алды.
Оқи отырыңыз: Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкер міндетін уақытша Әли Әлиев атқарады